| 29.05.2019 |
|
29 мамырда «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өтті
29 мамырда «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өтті.
Телепікірталасқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне төрт кандидат - Қазақстан кәсіподақтар Федерациясынан Амангелді Таспихов, «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысынан Әміржан Қосанов, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінен Сәді-Бек Түгел, «Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан» Жамбыл Ахметбеков, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының өкілі Мәулен Әшімбаев, «Ауыл» партиясынан Әли Бектаев және Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясынан Азат Перуашев қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен регламентке сәйкес телепікірталастар мен пікірсайыстар 3 раундқа бөлінген.
Бірінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары».
Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі тур бойынша өтті. Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстыру мақсатында сөз сөйледі. Екінші турда оппоненттер «сұрақ-жауап» пікірсайыс сессиясын өткізді. Қатысушылар бір-біріне екі сауал қойып, сондай-ақ өздеріне қойылған екі сұраққа жауап берді.
Екінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы».
Екінші раунд екі кезеңнен тұрды. Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйледі. Екінші турда жүргізушілер барлық қатысушыларға бірдей бір сұрақ қойды.
Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға арнау». Үшінші қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйледі.
Регламентте анықталған барлық рәсімдер сақталды. Қатысушыларға сөз сөйлеу үшін тең мүмкіндіктер берілді.
Регламенттің сақталуын және пікірталастың жалпы өтуін студияда ҚР Орталық сайлау коммиссиясының мүшесі Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы бақылап отырды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы










