| 27.05.2019 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петровтың Павлодар облысына жұмыс сапары
2019 жылғы 27 мамырда Павлодар қаласында Павлодар облысының сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлау алдындағы штабтарының өкілдері мен сайлау процесіне басқа да қатысушылар үшін семинар өтті.
Бейнеконференцбайланыс режимінде облыстың барлық қалалары мен аудандары қатысты.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров семинарға қатысушылардың назарын сайлау заңнамасындағы өзгерістерге, өтіп жатқан сайлау науқанының негізгі кезеңдеріне, барлық сайлау комиссияларының қызметіндегі ашықтық пен жариялылыққа, қолданыстағы заңнама талаптарының қатаң сақталуына аударды.
Облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Амирин сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға дауыс беру үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сайлаушылар тізімдерін жасау және оларды сайлау учаскелеріне беру бойынша жүргізілген жұмыс туралы баяндады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Г.К. Аманжолова заңнамада көзделген өкілеттіктерге сәйкес сайлау комиссиялары жүргізген жұмыс, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту, дауыс беру күніне сайлау учаскелерінің дайындығы туралы ақпарат берді.
Сертификатталған тренерлер семинар-кеңеске қатысушылармен «Дауыс беру күні» оқыту кейсін өткізді.
Қорытындылары бойынша белсенді пікір алмасу болды және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


