| 28.05.2019 |
|
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б. С.Мелдешовтің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Сәрсенбайұлы Мелдешов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының аясында Өскемен қаласында сайлауды ұйымдастырушылар үшін «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» тақырыбынада оқыту семинарын өткізді. Өңір бойынша сайлауды өткізуге дайындық іс-шаралары Күнтізбелік жоспарға сәйкес тиісті дәрежеде өткізілуде, сайлаушылар тізімдерін тиісті әкімдер учаскелік сайлау комиссияларына берді.
Барлық сайлау учаскелері әдістемелік материалдармен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен, интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Бұл іс-шараға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, бейнеконференцбайланыс режимінде электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, соттың, өкілдері сондай-ақ жергілікті байқаушылар қатысты. Семинарға барлығы 1470 адам қатысты.
Семинар барысында Б.С.Мелдешов сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды. Сайлау науқанында сайлау алдындағы үгіт, облыстағы сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқыту және сайлау учаскелерін сайлауға дайындау кезеңіне толығырақ тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ж.Сәрсебаев сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс жайлы, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Ж.Құсайынова мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Нәбиев облыстағы сайлау комиссиялары мен учаскелерін ұйымдастыру және оларды дауыс беру күніне дайындау жөніндегі ағымдағы жағдай, сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықта оқыту әдісімен оқыту және тестілеу туралы, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады.
ҚР ОСК аппаратының бас консультанты Б.Дармурзина сайлау комиссиялары қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларға дауыс беру күніндегі учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы туралы Орталық сайлау комиссиясы дайындаған оқыту фильмі көрсетілді.
Іс-шара соңында қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, сұрақтарға жауап берілді.
Семинар аяқталғаннан кейін Ортсайлауком өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен бірге Өскемен қаласының және Ұлан ауданының сайлау учаскелеріне олардың дауыс беру күніне дайындығын тексеру мақсатында барды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы






