| 13.10.2006 |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережесінің 23-тармағына сәйкес және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Қ.Ә. Жекебаевтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы 2006 жылғы 11 қазандағы ұсынымының негізінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның сайлау комиссиясы Қырым Әйкенұлы Жекебаевты Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігіне кандидат ретінде тіркеу туралы 2006 жылғы 14 қыркүйектегі шешімінің күшін жойды.
Аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережесінің 8 және 14-тармақтарының негізінде, ұсынылғандардың тізімінде бір кандидаттың қалуына байланысты әкімдікке кандидаттарды ұсыну және тіркеу мерзімін 2006 жылғы 13 қазанға дейін ұзартты.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігіне кандидат ретінде тіркелген Серік Болатұлы Қазкеновке аудандық сайлау комиссиясы ұсыну және тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті тоқтата тұру туралы нұсқама берді.
12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігіне кандидат ретінде Марат Иманбайұлы Тасмағанбетовты ұсынды, оны аудандық сайлау комиссиясы 2006 жылғы 13 қазанда тіркеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43
e-mail: inform@election.kz

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы