| 23.05.2019 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б.С.Мелдешовтің Түркістан облысы бойынша сайлау комиссияларымен, сайлау ұйымдастырушылармен жұмыс сапары туралы
2019 жылғы 23 мамырда Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі-Ортсайлауком) мүшесі Б.С.Мелдешовтің басшылығымен Қазақстан халқы ассамблеясының ғиматарында «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» Түркістан облысы бойынша сайлау комиссияларымен, сайлауды ұйымдастырушылар, сондай-ақ басқа да ЖАО өкілдері үшін семинар-кеңес өткізді.
Семинарға Түркістан облыстық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы, аудандар әкімдері мен қалалар аппарат басшылары, облыстық соттын, облыстың полиция департаменті бастығының орынбасары, облыстың көші-қон қызметі басқармасының сайлауға жауапты өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басқа да өкілдері. Семинарға барлығы 889 адам қатысты.
Семинар барысында Б.С.Мелдешов қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен және толықтырулармен, сайлау науқанының заңнамаға сәйкес кезеңімен өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды.
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Б.А.Рысқұлбеков сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жүргізген жұмыс, оларды УСК-ларға беруі, сайлау учаскелерін материалдық – техникалық жарақтандыру бойынша баяндады.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев облыста сайлау науқанын өткізудің ағымдағы жағдайы, сайлау комиссиялары мен учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы мен ұйымдастыруы туралы, каскадтық және қашықтықтан оқыту мәселелері, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.
Аппараттың бас консультанты Б.Дармұрзина учаскелік комиссиялары қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды.
Қатысушыларға Ортсайлауком дайындаған УСК-лардың дауыс беру күнгі жұмысы туралы оқу фильмі көрсетілді.
Іс-шара соңында қаралудағы мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Семинар аяқталғаннан кейін Ортсайлауком өкілдері Түркістан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен бірге олардың дауыс беру күніне дайындығын тексеру мақсатында Төле би аудандық сайлау учаскелеріне барды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
