| 03.10.2006 |
|
2006 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.
Сайлау жүйесі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және басқа елдердегі сайлауды байқауға қатысу мақсатында Ортсайлаукомның отырысында Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі сайлауды байқау үшін жіберу ережесі, сондай-ақ Халықаралық ұйымдардың байқау миссияларының құрамында шетелге сайлауға байқаушылар ретінде жіберу үшін шет тілдерін еркін меңгерген Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі бекітілді.
Қазақстан Республикасының атынан байқаушылардың кандидатураларын іріктеуді, олардың қызметін үйлестіруді, қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді Орталық сайлау комиссиясы республиканың мемлекеттік органдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл барысында жүзеге асыратын болады.
Байқаушылардың кәсіби даярлығының деңгейін арттыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде шетелге сайлауға жіберілетін азаматтарды оқыту жөніндегі іс-шаралардың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекітті.
Сондай-ақ Ортсайлаукомның отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 94, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының мандаты туралы» Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы VI съезінің 2006 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Алихан Мұхамедияұлы Байменовты тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы