| 24.05.2019 |
|
2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің арасында сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторина басталды
Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Сапарқызы Мұстафина М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті базасында Жоғары оқу орындарының студенттері арасында сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторинаның бірінші турының басталуына қатысты.
С.С. Мұстафина өзінің құттықтау сөзінде студент жастардың электораттық-құқықтық сауаттылығын арттыру үшін Жастар жылында ұлттық викторинаны өткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жалпы қазақстандық деңгейдегі осындай іс-шаралар біздің жас азаматтарымыздың электораттық белсенділігіне және олардың сайлауға саналы қатысуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Осы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Махаббат Қалдыбекқызы Бөлееваның және Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының вице-президенті Әли Әжімұлы Әбішевтің қатысуымен ұлттық викторинаның бірінші туры басталды. Олар барлық қатысушыларға жоғары нәтижеге жетуді тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



