| 28.11.2006 |
|
2006 жылғы 28 қараша күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің, сондай – ақ бірқатар халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының сайлау заңнамаларын жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға оны жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Президенттікке кандидаттарды қолдап қойылған қолдардың шын екендігін тексеру рәсімін, жиналған қолдарды ұсыну мерзімін мейілінше нақтырақ реттеу; учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері санын тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар санына байланысты көбейту; саяси партиялардың сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар ұсыну, сайлау комиссиялары мүшелерін ауыстыру тәртібін нақтылау. Орталық сайлау комиссиясы мен төменгі тұрған сайлау комиссиялары арасында өкілеттіктерді бөлісу; сайлау алдындағы үгіт шараларын жүргізудің тәртібі мен шарттары; шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының Қазақстан Республикасында өтетін сайлау науқандарына қатысуы, оларды сайлауларды байқауға шақыру тәртібін мен құқықтық статусын неғұрлым айқын белгілеу туралы сөз болды.
Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
75-21-32, 75-28-44, 75-28-43

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы