| 21.05.2019 |
|
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Мелдешовтің Қызылорда облысындағы жұмыс сапары
2019 жылғы 20 мамырда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мелдешов Бахыт Сәрсенбайұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарының аясында Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының 19 сайлау учаскелерінде болып, олардың сайлауға әзірлігімен танысты. Барлық сайлау учаскелері әдістемелік құралдармен, қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен, ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін лупалар сатып алынып, Брайль шрифтімен ақпараттық материалдар әзірленген. Өңір бойынша сайлауды өткізуге әзірлік жұмыстары Күнтізбелік жоспарға сәйкес тиісті дәрежеде жүргізіліп, сайлаушылардың тізімі тиісті әкімдермен учаскелік сайлау комиссияларына өткізілген.
21 мамырда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Мелдешов «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
Бұл іс-шараға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары бейнебайланыс режимінде қосылып, жергілікті атқарушы органдардың, сот, құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері мен жергілікті байқаушылар қатысты.
Семинар барысында Б.С.Мелдешов сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқыту әдісімен электораттық оқыту мен тестілеуді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы М.Делмұханов сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс жайлы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Есқараева мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов сайлауды өткізуге әзірлік барысы мен сайлау комиссиялары мүшелерінің оқытылуы туралы хабардар етті.
ҚР ОСК аппаратының бас консультанты Б.Дармурзина сайлау комиссиялары қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларға дауыс беру күні учаскелік комиссияларының жұмысы туралы Орталық сайлау комиссиясының дайындаған оқыту фильмі көрсетілді.
Іс-шара соңында қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, сұрақтарға жауап берілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
