| 21.05.2019 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлейменнің Шымкент қаласына жұмыс сапары туралы
2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан халқы ассамблеясының ғиматарында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлейменнің «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
Семинарға аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, 260 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары, электораттық оқытудың сертификатталған жатықтырушысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдері мен аппарат басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 827 адам қатысты.
Семинар барысында Л.Ж.Сүлеймен қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен таныстырды.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.А.Әлімқұлов сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс, сайлау учаскелерін материалдық – техникалық жарақтандыру бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Дауылбаев сайлау науқанын өткізудің ағымдағы жағдайы, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы, каскадтық және қашықтықтан оқыту мәселелері туралы хабардар етті.
Сайлау жүйесін ұйымдастыру бөлімінің бас эксперті И.Беркімбай сайлау комиссияларының дайындық кезеңіндегі, сондай-ақ тікелей дауыс беру күнгі қызметі мәселелеріне нақты тоқталып өтіп, әсіресе 2019 жылғы 9 маусымдағы Президент сайлауындағы учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттаманы дұрыс толтыру мәселесіне анығырақ токталды.
Семинар барысында қатысушылар сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің барысы туралы, сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі сайлау комиссияларының өкілеттіктері және сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету туралы сұрақтар қойды.
Сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыруды талқылау мен белсенді пікір алмасу өтті.
Семинардың соңында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сүлеймен Ләззат Жаңылысызы ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді бақылаушысы Андрей Карбовскиймен кездесті.
Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Шымкент қалалық АСК мүшелерімен бірге сайлау өткізуге дайындықтарда көмек көрсету мақсатында сайлау учаскелерінің жұмыстарымен танысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





