| 16.10.2006 |
|
Шетелге халықаралық байқаушылар ретінде жіберілетін адамдарды оқыту жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2006 жылғы 16 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекеттердегі сайлау мен референдумдарға байқаушылар ретінде қатысуы және оларды оқыту жөніндегі басымдықты бағыттарды айқындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңесте шет мемлекеттердің, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының және басқа да халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша шетелге сайлауға жіберілетін байқаушылардың қатысуы мен оқуына қатысты мәселелер талқыланды.
Кеңеске қатысушылар елдер мен халықаралық ұйымдардың сайлау процесіне шет мемлекеттер байқаушыларының қатысуы мәселесіне деген көзқарастарында әр түрлі үрдіс байқалатынына назар аударды. Сайлауды байқауға қатысу үшін негізгі шарт сайлау өткізілетін елдің шақыруы болып табылады.
Шетелдегі сайлау мен референдумдарға байқаушылардың қатысуымен және оларды оқытумен байланысты мәселелерді үйлестіру үшін кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс жасайтын Консультативтік Орталықтың құрамына кандидатуралар ұсынды.
Қазақстан Республикасының азаматтарын басқа елдердегі сайлауды байқау процесіне белсенді түрде енгізу, сондай-ақ Ортсайлаукомның барлық саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен осы мәселе бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық өзара іс-қимыл жасауы мен ынтымақтастығы демократиялық сайлау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді одан әрі іске асыруға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43
e-mail: inform@election.kz

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы