| 20.05.2019 |
|
ҚР ОСК хатшысы С.С. Мұстафинаның Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары туралы
2019 жылғы 20 мамырда Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафина «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
Семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында С.С. Мұстафина қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен танысты.
Сонымен қатар сайлау науқанын қаржылық қамтамасыз ету және Солтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқыту әдісімен электораттық оқыту мен тестілеуді ұйымдастыру мәселелері кеңінен айтылды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Сәрсембаев Қ.М. сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс, сайлау учаскелерін материалдық – техникалық жарақтандыру бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.М. Бекшенов сайлау науқанын өткізудің ағымдағы жағдайы, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы хабардар етті.
Электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушысы В.П. Пытьева сайлау комиссияларының дайындық кезеңіндегі, сондай-ақ тікелей дауыс беру күнгі қызметі мәселелеріне нақты тоқталып өтті.
Сонымен қатар қатысушыларға семинар шеңберінде дауыс беру күнгі учаскелік комиссиялардың жұмысы туралы Орталық сайлау комиссиясы дайындаған оқыту фильмі көрсетілді.
Семинар қорытындылары бойынша өзара пікір алмасу жүргізіп, сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сол күні С.С. Мұстафинаның жоғарғы және орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттері төрағаларымен кездесуі болды.
Кездесу барысында жастардың сайлау процесіне қатысу, жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін және электораттық белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





