| 17.05.2019 |
|
2019 жылғы 17 мамырда ҚР ОСК-да A-WEB Бас Хатшысы Ёнг-Хи Киммен кездесу болды
2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның A-WEB Бас Хатшысы Ёнг-Хи Киммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында A-WEB мәртебесінің халықаралық үкіметтік емес ұйымнан халықаралық үкіметаралық ұйымға өзгеруімен байланысты мәселелер, сондай-ақ ҚР ОСК мен A-WEB арасындағы бұдан арғы ынтымақтастығы талқыланды.
ҚР ОСК өкілдері Қазақстанның ОСК-сі 2013 жылғы қазаннан бастап A-WEB мүшесі бола отырып, Қауымдастық мүшесі болып қалуға мүдделі екенін хабарлады, себебі A-WEB-ке қатысу бүкіләлемдік электораттық процестерге, электораттық құрылыстың халықаралық процесіне қатысуға, демократиялық сайлауды өткізудегі дүниежүзілік оң тәжірибені зерделеуге және алуға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.
Анықтама үшін: A-WEB әлемнің 105 мемлекетінің орталық сайлау органдарын біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. Қазақстан Қауымдастық 2013 жылы құрылған кезінен бастап оның мүшесі болып табылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
