| 16.05.2007 |
|
2007 жылғы 16 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау белсенділігін арттыруға бағытталған жобалардың конкурсына келіп түскен, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өтінімдерін қарау жөніндегі Сарапшылық кеңестің отырысы болды.
Сарапшылық кеңестің құрамына саны 5 адамнан тұратын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, БҰҰДБ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың, Астана қалалық сайлау комиссиясының өкілдері кірді.
Конкурс туралы хабарландыру 2007 жылғы 19-21 сәуірде «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Панорама», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының ресми сайттарында жарияланған болатын.
Конкурсқа 7 өтінім келіп түсті:
1. «Қазақстанда «өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың» электораттық белсенділігінің қазіргі заманғы стратегияларын іріктеу», «NEOVITA» қоғамдық қоры, Алматы қ.;
2. «Шығыс Қазақстан облысы халқының электораттық мәдениеті: оны қалыптастырудың негізгі бағыттары мен технологиялары», «Құқықтық даму институты» мемлекеттік емес мекемесі, Семей қ.;
3. «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру», «Ауыл бастамаларын қолдау орталығы» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, Орал қ.;
4. «Қазақстан Республикасындағы сайлаушыларды ақпараттандырудың инновациялық әдістемелері», «КАМЕДА» Зерттеулер және консалтинг орталығы, Алматы қ.;
5. «Саналы таңдау жаса!», «Әділет орталығы» қоғамдық бірлестігі, Тараз қ.;
6. «Консультациялық орталық», «Эхо» қоғамдық бірлестігі, Алматы қ.;
7. «Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында 2007 жылы электораттың әр түрлі санаттарының электораттық-құқықтық мәдениетін артыру және олардың сайлау құқықтарын қорғау», «Жас зерттеушілер» жастар қоғамдық бірлестігі, Орал қ.;
Талқылау мен дауыс беру қорытындылары бойынша мынадай өтінімдер қаржыландыру жөнінде мақұлданды:
1) «Шығыс Қазақстан облысы халқының электораттық мәдениеті: оны қалыптастырудың негізгі бағыттары мен технологиялары», «Құқықтық даму институты» мемлекеттік емес мекемесі, Семей қ.;
2) «Саналы таңдау жаса!», «Әділет орталығы» қоғамдық бірлестігі, Тараз қ.;
3) «Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында 2007 жылы электораттың әр түрлі санаттарының электораттық-құқықтық мәдениетін артыру және олардың сайлау құқықтарын қорғау», «Жас зерттеушілер» жастар қоғамдық бірлестігі, Орал қ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел.75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
