| 16.05.2019 |
|
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К.Петров Қостанай қаласында өткен аймақтық семинар-тренингте дәріс оқыды
2019 жылғы 16 мамырда Қостанай қаласында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К.В. Петров Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерделеу орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік этносаясат: азаматтық бірегейлікті және біртұтас ұлтты қалыптастыру» тақырыбындағы аймақтық семинар-тренинг аясында «Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріске этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын 76 мемлекеттік қызметші, ішкі және жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, өңірлердегі ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, «Қоғамдық келісім» өңірлік мекемелерінің мамандары, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Аталған іс-шара сайлау процесі қатысушыларының электораттық-құқықтық білімдерін арттыру бойынша Ортсайлаукомның іс-шаралар кешені аясында өткізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
