| 23.05.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
2007 жылғы 23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвейді оның өтініші бойынша қабылдады. Сондай-ақ, кездесуге Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Джон Ордвей мырзаны алдағы күзде болатын барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық барысымен және сайлау туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.
"Сайлау туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу барысында Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ ұсыныстарының басым көпшілігін, сондай-ақ саяси партиялардан түскен ұсыныстарды ескерді. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, қазіргі кезде сайлау заңнамасын еліміздің Ата заңына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үстіндеміз",- деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.
Сайлау науқандарын ұйымдастыруға қатысты тағы да бірқатар сұрақтар талқыланған кездесу соңында Джон Ордвей мырза Қазақстан Республикасының жаңартылған сайлау заңнамасы кез келген сайлауды халықаралық демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес өткізуге мүмкіндік беретініне сенімділігін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43
e-mail: inform@election.kz

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы