| 28.03.2007 |
|
2007 жылғы 22-23 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жауапты қызметкерлері Варшава қаласында (Польша) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) "Сайлауды байқау және электрондық дауыс беру" тақырыбында өткен жұмыс кездесуіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты 2006 жылғы шілдеде сарапшылардың бастапқы отырысында айтылған ұсыныстардың негізінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшысы Джесси Пилгрим мырза (АҚШ) әзірлеген, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның электрондық дауыс беруді байқау жөніндегі әзірлемесі жөніндегі құжат жобасын талқылау болды.
Кездесуге Нидерланды, Ұлыбритания, Эстония, Еуропалық кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия сайлау органдарының, АҚШ, Украина, Ресей Федерациясы, Хорватия, Бельгия және Нидерланды үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары қатысты.
Қазіргі уақытта электрондық дауыс берудің техникалық стандарттарының ғана бар екені, ал электрондық сайлауды байқау әдіснамасының ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің демократиялық сайлау саласындағы өз міндеттемелерін орындау тұрғысынан алғанда, жоқ екені атап көрсетілді.
Осы кездесу шеңберінде электрондық дауыс беруді заңнамалық реттеу, жабдықтарды сертификаттау және тестілеу, оның жұмыс істеу қауіпсіздігі мен тәуелсіз аудит, сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушыларды оқыту, сайлауды әкімшіліктендіру, қағаз түрінде растау негізінде дауыстарды қайта санау мүмкіндігі мәселелері және т.б. белсенді талқыланды. Мысал ретінде АҚШ, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Қазақстан және Ресей Федерациясының тәжірибесі келтірілді.
Кездесуде сөз алған сарапшылар көптеген батыс еуропа елдеріне қарағанда, жуырда ғана енгізілген қазақстандық электрондық дауыс беру моделі өзін оң жағынан танытып үлгергенін ерекше атап көрсетті.
Осылайша, атап айқанда, 2005 жылы Қазақстанда президенттік сайлауды байқауға қатысқан американдық сарапшы Дуглас Джоунс оң үлгі ретінде елдің сайлау заңнамасында электрондық дауыс беру мәселелері тиімді реттелгенін, Орталық сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығын, "Сайлау" ААЖ техникалық құжаттамасының халықаралық байқаушылар үшін қол жетімділігін атады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43
e-mail: inform@election.kz
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
