| 13.05.2019 |
|
ҚР Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін оқытуды өткізуде
2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С.Мұстафина республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін оқыту іс-шарасын өткізді.
Оқыту тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанын қаржыландыру, сондай-ақ сайлау комиссияларының республикалық қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылы мәселелері болды.
Семинар Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясының базасында ұйымдастырылды.
Семинар-кеңестің жұмысына ҚР Президенттігіне өз кандидаттарын ұсынған республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар: Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» ҚБ, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» РҚБ, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ, «Ұлы дала қырандары» РҚБ, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» ҚБ, сондай-ақ тіркелген кандидаттардың сенім білдірген адамдары, сондай-ақ олардың штабтарының өкілдері қатысты.
Семинардың басты мәселелері ҚР Президенттігіне кандидаттардың шығыстарына бөлінген республикалық бюджеттің қаражатын жұмсауға (7 331 200 тг), сондай-ақ кандидаттардың сайлау қорларын қалыптастыруға және осы қорлардың қаражатын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен белгіленген нормаларға сай жұмсау мәселелеріне арналды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


