| 28.03.2007 |
|
2007 жылдың 14-21 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясында жұмыс сапарымен болып қайтты.
Сапардың негізгі мақсаты сайлау органдарының сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі қызметінің барлық бағыттары бойынша тәжірибе алмасу.
Сапар барысында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы А. А. Вешняковпен, Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері В. П. Волковпен, Л. Ф. Демьянченкомен, В. И. Лысенкомен, С. В. Большаковпен, РФ ОСК аппаратының басқармалары мен бөлімдері басшыларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Ресейдің сайлау технологияларына үйрету орталығының басшыларымен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесулер болып өтті.
Сайлау процесін ұйымдастыру, оның айқындылығын және сайлау комиссиялары жұмысының жариялылығын арттыру мәселелері бойынша пікір алмасу барысында сайлау науқандары кезінде және сайлаулар аралығында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықаралық және ұлттық байқаушылармен өзара ықпалдастық сұрақтары талқыланды.
Құқықтық оқытуды ұйымдастыру мәселелеріне, сондай-ақ сайлаушылар мен барлық сайлауға қатысушылардың саяси және электоралдық мәдениетін көтеру жөніндегі шараларға көп көңіл бөлінді.
Қазақстандық және ресейлік сарапшылар екі мемлекеттің сайлау жүйелерін дамытудағы және демократияландырудағы, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етудегі елеулі ілгерілеушілікті атап өтті
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43
e-mail: inform@election.kz
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
