| 13.05.2019 |
|
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарына
Сайлау алдындағы үгіт мәселелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың 4-тарауының 18-тармағында көзделгендей, Президенттікке кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру кестесін бұқаралық ақпарат құралының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралының редакциясы әзірлейді. Осы кестеге кандидаттардың немесе саяси партиялардың жарнама және үгіт материалдарын жариялау да енгізіледі.
Кандидаттардың немесе саяси партиялардың үгіт материалдарын жарыққа шығарудың (эфирге шығарудың) күні мен уақыты көрсетілген кестенің көшірмесі Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына, кестеге бір тәулік ішінде ұсынылуы тиіс өзгерістердің енгізілуін қоспағанда, үш тәулік ішінде жіберіледі.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясына кестелердің көшірмелерін ұсыну мерзімдерін сақтау, сондай-ақ осы мәселе бойынша жауапты адамның байланыс деректерін келесі электрондық мекенжайға жіберу қажеттігі туралы хабарлаймыз: v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
