| 30.03.2007 |
|
Астана қаласында 2007 жылғы 28-30 наурыз аралығында өткен Халықаралық "Е-Қазақстан" ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көрмесі аясында "Дельта Плюс" ҒТО ЖШС "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жаңартылған мамандандырылған кешенін ұсынды.
"Сайлау" ААЖ енгізу бойынша жұмыстардың бірінші кезеңінде әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген электрондық дауыс беру әдістерін сараптау негізінде жүйенің бағдарламалық-аппараттық жабдықтарының үлгілері жасалған болатын.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасында алғашқы рет 2004 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде 961 сайлау учаскесінде қолданылған "Сайлау" ААЖ-нің сайлау учаскесі техникалық құралдары кешені жасалды.
2004-2005 жылдары жүйені жетілдіру жалғастырылды. Электрондық дауыс берудің сенсорлық экрандар мен смарт-карталар технологиялары негізінде, мамандандырылған электрондық дауыс беру жабдықтарының әрбір жеке сайлаушының дауыс беруі нәтижесі туралы ақпарат құпиясын криптографиялық қорғау деңгейі жоғарылатылған, бұрынғыға қарағанда жоғары сатыдағы жиынтығы әзірленді.
Ізденістер нәтижесінде "Сайлау" ААЖ-нің бір сайлау учаскесінде орнатуға арналған жоғары техникалық деңгейде орындалған техникалық жабдықтарының жиынтығы жасап шығарылды.
Бұл жабдықтар 2005 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентін сайлау барысында сынақтан табысты өтіп, өзінің қарапайымдығы мен дауыс беру процедурасының оңтайлығы бойынша сайлаушылар тарапынын да, шетелдік сарапшылар мен байқаушылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 22-23 наурыз күндері Варшавада өткен "Сайлауларды байқау және электрондық дауыс беру" атты жұмыс бабындағы кездесуінде, көптеген Батыс Европалық елдерге қарағанда жақында ғана енгізіле бастаған электрондық дауыс берудің қазақстандық моделі өзін жақсы жағынан көрсете білді, ал елдің сайлау заңнамасында электрондық дауыс беру сұрақтарының тиімді реттелуі, Орталық сайлау комиссиясы жұмысының айқындығы, "Сайлау" ААЖ-і құжаттарының халықаралық байқаушылар үшін ашықтығы электрондық дауыс беруді енгізіп отырған көптеген мемлекеттерге үлгі бола алатындығы айрықша аталып өтті.
Қазіргі кезде қазақстандық мамандар жүйе жабдықтарын, олардың пайдалану-техникалық сипаттамаларын жақсарту, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің кейбір бөліктерін нақтылау, өзі тұратын елді мекенінен тысқары жердегі сайлаушылардың дауыс беруіне арналған Өңірлік сайлау учаскесін (ӨСУ), сондай-ақ тұрақты сайлау учаскелерінен алшақ орналасқан сайлаушылар саны аз елді мекендерде сайлау шараларын өткізуге арналған Ұтқыр сайлау учаскесін (ҰСУ) әзірлеу және жасап шығару мақсатында, жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-32, 75-28-44, 75-28-43
e-mail: inform@election.kz
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
