| 31.05.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Еуропа Парламентінің «Еуропалық социалистер партиясы» (ЕСП) фракциясы делегациясымен кездесу болып өтті
2007 жылғы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Еуропа Парламенті «Еуропалық социалистер партиясы» (ЕСП) фракциясының Ян Маринус Вирсма бастаған делегациясымен кездесу болып өтті. ЕСП фракциясы Еуропа Парламентіндегі сегіз партиялық фракциялар арасында Еуропа Ұлттық Партиясы - Еуропалық демократтардан (ЕҰП-ҰП (христиан-демократтар) кейін екінші орындағы партиялық фракция болып табылады.
Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Владимир Фоос делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы сайлау органдарының құрылу тәртібімен, Орталық сайлау комиссиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанын әзірлеу және сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша қызметімен таныстырды.
Саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауалды үгіт жүргізуі үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету, отандық және халықаралық байқаушылардың сайлауды байқауға қатысуы туралы пікір алмасылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел.75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
