| 22.06.2007 |
|
2007 жылғы 22 маусымда Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттығына кандидаттарды және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды
2007 жылғы 22 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығына және Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияларға тиесілі.
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтары мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес оның белсенді сайлау құқығы болуға тиіс.
Осылайша, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрған, жасы жиырма беске толған адам Парламент Мәжiлiсінің депутаты бола алады. Сoт іс-әрeкeткe қабілeтсіз дeп таныған, сoндай-ақ сoт үкімімeн бас бoстандығынан айыру oрындарында oтырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.
Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізу саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.
Саяси партияның жоғарғы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай 2007 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихаттар дeпутаттығына кандидаттар ұсынуды бeлгілeнгeн тәртіп бoйынша тіркeлгeн рeспубликалық нeмeсe жeргілікті қoғамдық бірлeстіктeр, сoндай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері жєне өзін-өзі ұсыну жoлымeн азаматтар жүзeгe асырады.
Мәслихат депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға және Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтары мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес оның белсенді сайлау құқығы болуға тиіс.
Осылайша, Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi.
Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ.
Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.
Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.
Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi және кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
