| 09.07.2007 |
|
2007 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде республикалық семинар-кеңес болды
2007 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақсан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған республикалық семинар-кеңес болды.
Семинар-кеңестің жұмысына қатысу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссиялары төрағалары мен хатшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі бас сарапшы өкілдері, Қазақстан Республикасы саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдарының, мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ сайлау саласында іс-қимыл жасайтын халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Семинар-кеңес жұмысының барысында сайлау науқанын материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамдық институттардың тиімді өзара іс-қимылына қатысты мәселелер талқыланды.
Сайлау науқанының осы кезеңдегі бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі ретінде семинар-кеңеске қатысушылар сайлау заңнамасының нормаларын сайлау процесіне қатысушылардың барлығының мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Семинар-кеңес жұмысының барысында қозғалған, жан-жақты талқыланатын және өзекті тақырыптардың арасында сайлау процесіне қатысушыларды құқықтық оқыту, сайлаушылардың тізімдерін жасау, нақтылау және түзету жұмыстарын ұйымдастыру, сайлау комиссияларымен, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен, жергілікті және халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, олардың қызметін ұйымдастыру, сайлауды және сайлау алдындағы үгітті, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, алдағы сайлауда «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерін бөліп айтуға болады.
Атап айтқанда, «Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК өкілдері «Сайлау» жүйесімен жабдықталған сайлау учаскесінің қолданыстағы үлгісін көрсетті және алдағы 18 тамызда болатын сайлауда электрондық дауыс беру рәсімі туралы әңгімеледі.
Жалпы талқылау барысындағы сындарлы пікір алмасу қатысушыларға сайлау процесін ұйымдастыру шеңберінде жүргізіліп отырған жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар жасауға мүмкіндік берді.
Аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері қызметтің түрлі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, семинар-кеңесте талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
