| 03.07.2007 |
|
2007 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.
Ортсайлаукомның қаулысымен Сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілді.
Осы кеңес Ортсайлаукомның жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік кеңесші орган ретінде құрылды.
Оның басты міндеті сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың жалпы тұжырымдамасы мен стратегиясын жасау, осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, құқықтық оқыту саласындағы сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың сындарлы өзара іс-қимылын дамыту болады.
Ортсайлауком басшысы атап өткендей, бұл жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде, өйткені сайлау заңнамасы нормаларының және азаматтардың сайлау құқықтарының іс жүзінде сақталуы мен іске асырылуы сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігіне және сайлаушылардың құқықтық сауаттылығына байланысты.
Сондай-ақ бүгін Ортсайлауком сайлау процесіне қатысушылар мен сайлау комиссияларының мүшелері үшін әзірленген оқу курстарының бағдарламасын бекітті. Бұл курстар сайлау процесіне қатысушыларды тиімді оқытуды неғұрлым қысқа мерзімде ұйымдастыруға көмектесетін болады.
Отырыстан кейін болған брифингтің барысында Ортсайлауком Төрағасы БАҚ өкілдерін партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау мен мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
2007 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды. Олардың ішінен 19 кандидатураны «Нұр Отан» Халық демократиялық партиясы ұсынды және 32 кандидатура өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Облыстық мәслихаттарға 7 кандидат ұсынылды; Астана қаласының мәслихатына 3 кандидат; аудандық мәслихаттарға 39 кандидат; қалалық мәслихаттарға 2 кандидат ұсынылды.
Ағымдағы жылғы 30 маусымда өткен «Руханият» партиясының және «Ауыл» Қазақстан әлеуметтік-демократиялық партиясының съездерінде жасалған партиялық тізімдер Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін әзірге түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
