| 27.06.2007 |
|
2007 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды. Бұл отырыста комиссия бұрын өзі қабылдаған кейбір қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Атап айтқанда, қаулылардан «сайлау блоктары», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары» деген ұғымдар алып тасталды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның Мәжіліс депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құруды көздемеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары таратылды.
Қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізімдер бойынша сайланады, ал 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Сондай-ақ қазіргі нормативтік-құқықтық базаны Сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес келтірудің қажеттігіне байланысты Ортсайлауком өз отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бұрын қабылдаған, өзектілігін жоғалтқан кейбір қаулыларының күшін жою туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
