| 02.05.2019 |
|
Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті
2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.
Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Емтихан тапсырылғаннан кейін лингвистикалық комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады. Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззәт Жаңылысқызы Сүлеймен қатысты.
Бұқаралық ақпарат құралдары емтиханның басталуын және оның нәтижелерін қорытындылағаннан кейін бірден байқауға мүмкіндік алды. Отырыстың қорытындысын лингвистикалық комиссия мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Ахметов Әділ Құрманжанұлы баяндады.
Жазбаша жұмыс «Мемлекет және дін» тақырыбында болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Үміткер тапсырманы орындау үшін өзіне берілген уақытты толық пайдаланды. Жазбаша жұмыстың тақырыбы ашылмаған, сөйлемдердің құрылымы жүйесіз болды. Сонымен қатар жазбаша жұмыста 19 пунктуациялық және стилистикалық қателіктер жіберілген. Осыған байланысты, жазбаша жұмысты бағалау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген қорытындыға келді.
Екінші тапсырмада үміткер Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романынан үзінді оқыды. Оқу да қанағаттанарлықсыз болды.
Үшінші тапсырма бойынша «Ырыс алды-ынтымақ» тақырыбы бойынша өз ойын 15 минутта ауызша айтты. Комиссия мүшесі тақырыптың толық ашылмағанын, үміткердің ойын баяндауы мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейіне сәйкес келмейтінін атап өтті.
Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермеген туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
