| 12.07.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді және партиялық тізімдерді ұсыну қорытындысын халыққа жария етті
2007 жылғы 11 шілдеде партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына барлығы жеті саяси партияның тізімі ұсынылды:
1. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы;
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
3. Қазақстан Патриоттары Партиясы;
4. «Руханият» Партиясы;
5. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы;
6. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы;
7. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы.
Партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін мынадай құжаттарды ұсынды:
1. Саяси партиялардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, саяси партиялардың жоғары органдарының партиялық тізімдерді ұсыну туралы хаттамасының үзінді көшірмесі;
2. партиялық тізімдерге енгізілген азаматтардың оларға енгізуге келісім беру туралы өтініштері;
3. партиялық тізімдерге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
4. партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табыстары туралы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны жөнінде салық органының анықтамалары;
5. партиялық тізімдерге енгізілген адамдардың осы тізімді ұсынған саяси партиялардағы мүшелігін растайтын құжаттар.
Сондай-ақ «Руханият» партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы және Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы партиялық тізімге енгізілген сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
Сайлау заңнамасына сәйкес «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы сайлау жарнасын енгізуден босатылады, өйткені өткен сайлауда олар сайлауға қатысқан сайлаушылардың жалпы санынан жеті пайыздан астам дауыс жинады.
2007 жылғы 12 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының құрамында 126 адам бар партиялық тізімін тіркеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардың тізімі 17 шілдеге дейін жалғасады, ал үстіміздегі жылғы 18 шілдеден бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 17 шілдеге дейін, ал тіркеу 2007 жылғы 23 шілдеге дейін жалғасады.
Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған деректерге сәйкес 2007 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды.
Олардан 1537 кандидатты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, 15 кандидатты Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, 2 кандидатты Қазақстан Коммунистік партиясы, 16 кандидатты Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, 1 кандидат Қазақстан Патриоттары Партиясы, 1 кандидат «Руханият» Партиясы, 9 кандидатты қоғамдық бірлестіктер ұсынды, және 591 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.
Облыстық мәслихаттарға 210 кандидат, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына 8 кандидат және Алматы қаласының мәслихатына 27 кандидат; аудандық мәслихаттарға 1644 кандидат; қалалық мәслхатқа 318 кандидат ұсынылды.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сайлау алдындағы үгітке 24 шілдеде кіріседі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
