| 02.05.2019 |
|
Жуматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кадидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы
2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, оған саяси партиялар мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста қаулы жобасы қаралды:
1. Жуматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кадидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы.
Қаулының жобасымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сүлеймен Ләззәт Жанылысқызы таныстырды.
Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынғаны туралы құжаттары тапсырылған болатын. Сайлау туралы Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағына және 55-бабына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:
1) Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді;
2) Жұматай Әлиевтің жеке куәлігі мен жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломының көшірмесін, сондай-ақ өмірбаяндық деректерін және мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді қоса бере отырып, Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) Ортсайлаукомның шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжаты.
Президенттікке кандидаттың Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруде жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салып, тиісті мәліметтерді алынды. Олар мына органдардан келіп түсті:
- Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінен;
- Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнен;
- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
2019 жылғы 2 мамырда Ортсайлаукомда Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.
Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегендігі жөнінде шешім қабылдады (а.ж. 2 мамырдағы № 9 отырыс хаттамасы).
Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы емтихан нәтижесін ескере отырып, Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңда Президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы хаттама қабылданды.
Осыған байланысты Ортсайлауком қаулысы қабылданды.
Осы қаулының 1-тармағы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес емес екенін көздейді.
Қаулының 2-тармағы Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартуды көздейді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
