| 07.07.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының партиялық тізімі ұсынылды.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси партияның өкілі «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XI съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен қоса ұсынды.
Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталды.
Партиялық тізімді Орталық сайлау комиссиясында тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды:
1) саяси партияның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін қоса тіркелген, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XI съезінің хаттамасынан үзінді көшірме;
2) партиялық тізімге енгізілген азаматтың оған енгізуге келісімі туралы өтініші;
3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
4) партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың зайыптарының табыстары мен мүлкі туралы салық органына өткізген декларациясы туралы анықтама;
5) «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізіміне енгізілген адамдардың мүшелігін растайтын құжаттар.
Сайлау заңнамасына сәйкес «Нұр Отан» ХДП және «Ақ жол» ҚДП сайлау жарнасын енгізуден босатылады, өйткені олар өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының жеті пайыздан астам дауыстарын жинаған болатын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
