| 29.04.2019 |
|
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың және Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың сәйкестігін анықтау туралы
2019 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, оған саяси партиялар мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы.
Осы екі мәселе бойынша қаулылар қабылданды:
«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы» қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ихданов Ақылбек Жәмелұлы ұсынды.
2019 жылғы 26 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2 тармағына және 55-бабына сәйкес «Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды:
1. «Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі жоғарғы органы отырысының Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
3. Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың өмірбаяндық деректері, жеке басын куәландыратын құжатының, жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломының көшірмелері, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер қоса берілген, оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтініші.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруде жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салынып тиісті мәліметтер алынды.
2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болып өтті.
Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде шешім қабылдады (отырыстың а.ж. 27 сәуірдегі № 6 хаттамасы).
Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың:
1) Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде тумысынан Республика азаматы болып табылатындығын, соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда тұратындығын;
2) жоғары білімі бар екенін;
3) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің мәліметтері негізінде:
- соттылығының жоқтығын;
- сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартпағанын;
- белсенді сайлау құқығына ие екендігін;
4) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері негізінде мемлекеттік қызметте, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар екендігін анықтады.
Осы қаулының 1-тармағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіні белгіленді.
Қаулының 2-тармағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинауға қол қою парақтарын Төлеутай Сатайұлы Рақымбековқа беру тапсырылды.
Қол жинауды Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдары жүзеге асыратынын және ол қол қою парақтарымен ресімделетінін атап өту қажет.
Сенім білдірілген адамдардың тіркеуді аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен бекітілген Нұсқаулығының негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының қойылған талаптарына сәйкестігін анықтау туралы.
Қаулының жобасымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мелдешов Бақыт Сәрсенбайұлы таныстырды.
2019 жылғы 26 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2 тармағына және 55-бабына сәйкес «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды:
3. «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі жоғарғы органы отырысының Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
3. Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың өмірбаяндық деректері, жеке басын куәландыратын құжатының, жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломының көшірмелері, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер қоса берілген, оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтініші.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруде жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салынып тиісті мәліметтер алынды.
2019 жылғы 27 сәуірде Ортсайлаукомда Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болып өтті.
Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде шешім қабылдады (отырыстың а.ж. 27 сәуірдегі № 7 хаттамасы).
Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың:
5) Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде тумысынан Республика азаматы болып табылатындығын, соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда тұратындығын;
6) жоғары білімі бар екенін;
7) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің мәліметтері негізінде:
- соттылығының жоқтығын;
- сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартпағанын;
- белсенді сайлау құқығына ие екендігін;
8) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері негізінде мемлекеттік қызметте, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар екендігін анықтады.
Осы қаулының 1-тармағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіні белгіленді.
Қаулының 2-тармағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинауға қол қою парақтарын Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке беру тапсырылды.
Қол жинауды Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдары жүзеге асырады және ол қол қою парақтарымен ресімделеді.
Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлайу комиссиясы қаулысымен бекітілген Нұсқаулығының негізінде жүзеге асырады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


