| 19.07.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттарының депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндеғі Қоғамдық Кеңес құрылды
2007 жылғы 19 шілдеде Орталық сайлау комиссиясының жанында төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттарының депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндеғі Қоғамдық Кеңес құрылды және ол туралы Ереже бекітілді.
Осы Ережеге сәйкес Кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның құрамына Орталық сайлау комиссиясында кеңесші дауыс беру құқығымен Орталық сайлау комиссиясының, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, журналистік бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, саяси партиялардың өкілдері кірді. Кеңестің негізгі міндеті сайлау кампаниясының барысында Конституция нормалары мен сайлау заңнамасын бұзуға қатысты ақпараттық дауларды алқалы түрде қарау болып табылады.
Өткізілген брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының Басшысы Сайлау алдындағы үгітті және ақпараттық қамтамасыз етуді сайлау процесіне барлық қатысушылардың жүзеге асыру ережесінің орындалуын Орталық сайлау комиссиясы бақылауды жүзеге асыратынын ескерді.
Осыған байланысты Қ.Т. Тұрғанқұлов конституциялық құрылымды зорлықпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігін түсіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тектік және рушылдық алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылық идеяларды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскери құрылымдарды құру жөніндегі идеяларды қамтитын үгіт материалдарын орналастыруға жол бермеуге бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының Басшысы үгіт материалдарында тұлғалардың келісімінсіз олардың бейнелері пайдаланғанына байланысты сайлау комиссияларына олардан өтініштер мен шағымдар түскен жағдайда, ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес мұндай өтініштер мен шағымдар бойынша шешім қабылдауға тиіс екендігін атап өтті.
«Саяси партиялар бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт материалдарын ұсыну кезінде олардың Конституция және сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге тиіс», - деп атады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
