| 17.07.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының, Қазақстан Патриоттар партиясының және Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының партиялық тізімдерін тіркеді
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2007 жылғы 17 шілдеде сағат 19-да үш саяси партияның:
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының құрамында 20 адам бар;
Қазақстан Патриоттар партиясының құрамында 11 адам бар;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының құрамында 33 адам бар партиялық тізімдерін тіркеді.
«Руханият» партиясының және Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімдеріне енгізілген кейбір кандидаттар тіркеу үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты, осы партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы мәселені Орталық сайлау комиссиясы кешірек уақытқа қалдырды, өйткені партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтаудың ресми мерзімі – 2007 жылғы 17 шілде сағат 24.00.
Партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына барлығы 400 кандидат ұсынылды. Ұсынылған 400 кандидаттан: 339 ер адам және 61 әйел. Кандидаттардың орташа жасы 55 жас. Ұсынылған 373 кандидатта жоғары білімі бар.
Мамандығы бойынша: 89 – инженер; 78 – заңгер, 72 – оқытушы, 61 – экономист.
Қызмет түрі бойынша: 80 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 47 – үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаттары; 46 - мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері; 43 – ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері; 21 – орталық органдар мен министрліктердің қызметкерлері.
Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерін тіркеген саяси партиялар 2007 жылғы 18 шілдеден бастап сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Қазақстанға шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың бақылаушылары келуі жалғасып жатыр.
Орталық сайлау комиссиясы 17 шілдеде Қазақстан Республикасындағы кезекте тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясының тағы 39 бақылаушысын аккредиттеді.
Сондай-ақ 17 шілдеде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған деректерге сәйкес 2007 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 7459 кандидат ұсынылды.
Облыстық мәслихаттарға 1244 кандидат ұсынылды, оның ішінде: Астана қаласының мәслихатына 86 кандидат, Алматы қаласының мәслихатына 66 кандидат, аудандық мәслихаттарға 4817 кандидат, қалалық мәслихаттарға 1398 кандидат ұсынылды.
Мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 7459 кандидаттан 2843 тіркелді.
Олардан: облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының депутаттығына 405 кандидат; аудандық мәслихаттар депутаттығына 1986 кандидат; қалалық мәслихатар депутаттығына 452 кандидат.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 23 шілде бойынша жалғасады, ал сайлау алдындағы үгітке кандидаттар 24 шілдеде кіріседі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
