| 20.07.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп саяси партияларға «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы сайлаушыларға шығуды ұсынды
Саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және олардың бағдарламалары туралы сайлаушыларды кеңінен хабардар ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясы саяси пікіржарыстардың форматын барынша кеңейтуге және саяси партияларға өздерінің сайлау алдындағы платформаларын насихаттау үшін қосымша мүмкіндіктерді ұсынуға ниет білдіріп отыр.
Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп саяси партияларға «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы сайлаушыларға шығуды ұсынды.
Ол үшін веб-порталда арнайы бөлім ашылады. Бұл бөлімде партиялардың әрқайсысы анықтамалық ақпаратты, өз қызметі туралы хабарлар мен сайлау алдындағы платформаларын орналастыра алады. Сонымен қатар, партиялардың форумын және электронды қоғамдық қабылдауын құру жоспарлануда.
Бұдан басқа, сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдерімен Интернет-конференция ұйымдастырылады, оның барысында олар сайлаушылар үшін ең өзекті мәселелерге жауап бере алады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
