| 27.04.2019 |
|
2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның отырысы өтті
2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.
Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Емтихан тапсырылғаннан кейін лингвистикалық комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады. Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззәт Жаңылысқызы Сүлеймен қатысты.
Комиссия жұмысы ашық және жариялы түрде жүзеге асырылды, ал бұқаралық ақпарат құралдары емтиханның басталуын және қорытынды нәтижелері шыққаннан кейін бірден байқауға мүмкіндік алды. Отырыстың қорытындысын лингвистикалық комиссия мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім баяндады.
Жазбаша жұмыс «Рухани жаңғыру» тақырыбында болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Жазбаша жұмыстың бағалау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері үміткердің жазбаша өз ойын мемлекеттік тілде еркін білдіре алады деген қорытындыға келді.
Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Ілияс Есенберлиннің «Каһар» романынан үзінді оқып берді.
Үшінші тапсырма бойынша Президенттікке үміткер «Ел бірлігі - елдіктің арқауы» тақырыбы бойынша өз ойын 15 минутта ауызша айтты. Комиссия мүшесінің айтуынша үміткер лингвистикалық емтиханның барлық кезеңдері бойынша ой-пікірін еркін білдіргендігін және мемлекеттік тілдің еркін меңгергендігін көрсетті.
Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы






