| 20.07.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясы 2007 жылғы 18 тамызда саяси партияларға дауыс беру үшін сайлау бюллетенінің мәтінін, сондай-ақ электронды сайлау бюллетеніне енгізілетін саяси партиялар атауының тізімін бекітті
2007 жылғы 20 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы 2007 жылғы 18 тамызда саяси партияларға дауыс беру үшін сайлау бюллетенінің мәтінін, сондай-ақ электронды сайлау бюллетеніне енгізілетін саяси партиялар атауының тізімін бекітті.
Сайлау бюллетеньдері Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережеге сәйкес дайындалады және елдегі барлық сайлау учакелеріне үстіміздегі жылғы 16 тамыздан кешіктірмей жеткізілетін болады.
Отырыстан кейін болған брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының Басшысы БАҚ-тың өкілдерін мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу барысы туралы хабардар етті.
2007 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша 5565 кандидат тіркелген.
Олардың ішінен: облыстық, Астана және Алматы қалалық депутаттығына 882 кандидат; аудандық мәслихаттар депутаттығына 3772 кандидат; қалалық мәслихаттар депутаттығына 911 кандидат тіркелді.
Ел бойынша орташа бәсекелестік – бір депутаттық мандатқа 3 кандидат.
Бір мандатқа неғұрлым көп баламалылық Астана қаласы бойынша орташа шамамен 5,2 және Алматы қаласы бойынша 4,5 үміткерден болды.
Бір депутаттық мандатқа аса жоғары бәсекелестік Алматы қаласының 14-округі бойынша болады. Ол жерде 12 кандидатура ұсынылды. Сондай-ақ Алматы қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 35 және 31-округтерде бәсекелестік қарқыны жоғары деңгейде тұр. Оларда 7 кандидатурадан ұсынылған.
Осындай жағдай Астанада да қалыптасты. Қалалық мәслихат депутатының мандатына 8 және 23-окургтерде 9 үміткерден, ал 9-округте – 8 үміткер ұсынылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
