| 18.07.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу үшін жеребе тартуды өткізді және сайлау кампаниясының барлық қатысушыларына Үндеу қабылдады
2007 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.
Партиялық тізімдері тіркелген саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті басталуына байланысты Орталық сайлау комиссиясы сайлау кампаниясының барлық қатысушыларына Үндеу жолдады.
Үндеуде Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларды, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды, олардың сайлау алдындағы штабтарын, сенім білдірілген адамдарын, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сайлаудың ашық, әділетті, транспорентті болуына және сайлау заңнамасының нормаларына толық сәйкес өтуіне оларға байланысты барлық әрекетті жасауға шақырды.
Сондай-ақ, бүгін саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу үшін жеребе тарту өтті.
Оның қорытындысына сәйкес саяси партиялардың атауы сайлау бюллетенінде мынадай тәртіппен орналасады:
1. Жалпыұлттық социал-десократиялық партия.
2. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы.
3. Қазақстан Патриоттары Партиясы.
4. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.
5. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы.
6. «Руханият» Партиясы.
7. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы.
2007 жылғы 17 шілдеде партиялық тізімдерді тіркеу аяқталды.
Партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына барлығы 377 кандидат тіркелді.
Олардың ішінен: 321 ер адам және 56 әйел. Кандидаттардың орташа жасы 55 жас. Ұсынылған 364 кандидатта жоғары білімі бар.
Мамандығы бойынша: 87 - инженер; 75 – заңгер; 70 – оқытушы; 60 – экономист.
Қызмет түрі бойынша: 76 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 47 – үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаттары; 45 – мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері; 41 – ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері; 21 – орталық органдар мен министрліктердің қызметкерлері.
Сондай-ақ 2007 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған алдын ала деректерге сәйкес 2007 жылғы 18 шілдедегі таңертеңгі жағдай бойынша 8972 кандидат мәслихаттар депутаттығына ұсынылды.
Облыстық мәслихаттарға 1654 кандидат ұсынылған, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына 129 кандидат және Алматы қаласының мәслихатына 165 кандидат; аудандық мәслихаттарға 5451 кандидат; қалалық мәслихаттарға 1867 кандидат ұсынылды.
Мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 8972 кандидаттан 4446 тіркелді.
Олардың ішінен: облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына 662 кандидат; аудандық маслихаттар депутаттығына 2992 кандидат, қалалық мәслихаттар депутаттығына 792 кандидат.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 23 шілде бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөнінде ТМД Миссиясының тағы 116 бақылаушыларын және шетел мемлекеттерінің 5 елден келген 32 бақылаушыларын аккредиттеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
