| 21.07.2007 |
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті
2007 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2007 жылғы 11 шілдедегі өкімімен құрылған бұл консультативтік-кеңесші органның құрамына Қазақстан Республикасының қаржы, ішкі істер, мәдениет және ақпарат министрліктері мен Бас прокуратураның өкілдері кірген. Жұмыс тобының негізгі мақсаты сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына келіп түсетін өтініштерді қорыту, неғұрлым жиі келіп түсетін өтініштер жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
20 маусым мен 19 шілде аралығында Орталық сайлау комиссиясының атына азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерден барлығы 55 өтініш түскен, олардың 2-і сайлауды өткізуге қатысы жоқ сұрақтар, қалған 53 өтініштің 21-і сайлау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша, 3-і – сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру ережелерін бұзу, 1-і – Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тарапынан заң бұзушылық туралы.
Бүгінгі күнге Орталық сайлау комиссиясы өтініштердің басым көпшілігіне жауап берді, ал кейбір өтініштер мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына құзыретіне сәйкес жолданған.
Жұмыс тобының отырысында ұйымдастыру мәселелері талқыланып, оның отырыстары әр аптаның жұма күні, ал шұғыл жауапты талап ететін өтініштер мен шағымдар түскен жағдайда – қажеті бойынша, өткізілетін болып келісілді.
Отырысқа Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшесі Румен Малеев, сайлауды бақылау жөніндегі ТМД Миссиясы Штабының басшысы Евгений Слобода, сондай-ақ саяси партиялардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында кеңесші дауыс құқығы бар өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
