| 27.07.2007 |
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы болып өтті
2007 жылғы 27 шілде күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы болып өтті
Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 98/203 қаулысымен құрылған бұл Қоғамдық Кеңестің негізгі міндеттері - сайлау процесіне қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу және сайлау процесіне қатысушылар мен БАҚ арасындағы дауларды шешуге қатысу.
Қоғамдақ Кеңестің Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л. Ж. Сүлейменнің төрағалығымен өткен алғашқы отырысында Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының сайлауалды штабынан «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалының партияның «Бір ел, екі тағдыр» атты роликтерін телеарна эфирінен көрсетуден бас тартуы бойынша түскен шағым қаралды.
Қоғамдық Кеңес мүшелері, бейнероликтермен таныса келе, олар өзінің мазмұны жағынан сайлауалды насихат материалдары ретінде бағалана ала ма деген сұрақты жан-жақты талқылады.
Қоғамдық Кеңес мүшелерінің көпшілігі ЖСДП – ның роликтерінде партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау және үгіттеу жоқ болғандықтан, олар үгіт материалдары ретінде қарастырыла алмайтындығын айтты, өйткені, сайлау туралы Конституциялық заңның 27 бабы 1 тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, немесе партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болуды көздеуі тиіс. Сонымен қатар, Қоғамдық Кеңес мүшелерінің пікірінше, роликтерде әлеуметтік араздықты туғызуы мүмкін элементтер бар, бұл Конституциялық заңның 29 бабына қайшы. ЖСДП – ның өкілдері бұл пікірмен келіспеді.
Қоғамдық Кеңес мүшелерінің пікірлері әрұдай болуына байланысты, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының роликтерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі бойынша сараптамадан өткізу үшін Бас прокуратураға жолдау туралы шешім басым дауыспен қабылданды. ЖСДП-ға Бас прокуратураның ресми жауабы келгенге дейін роликтерді Интернет жүйесіне шығаруды тоқтата тұру ұсынылды.
Қоғамдық кеңес отырысының жұмысын Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының және ТМД Миссиясы Штабының өкілдері байқауды жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
