| 20.07.2007 |
|
Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Миссиялар сайлау кампаниясының барысын бақылауды жалғастыруда
2007 жылғы 18 шілдеде «Қазақстан Республикасы Орталық комиссиясының жанындағы Ақпараттық-техникалық орталығы» РМК-ның сарапшылары Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚ Миссиясының электронды дауыс беру сарапшысы Питер Вольфпен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚ-ның сайлау жөніндегі кеңесшісі Джонатан Стоунстрит және ЕҚЫҰ/ДИАҚ Миссиясының сайлау мәселелері жөніндегі талдаушысы Румен Малеев қатысты.
Сарапшылар кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттарының депутаттарын алдағы сайлауда электронды дауыс беруді ұйымдастыру, электронды дауыс берудің демократиялық сайлау саласындағы халықаралық талаптарға, сондай-ақ сайлау туралы ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес келу мәселелерін қарады.
«Қазақстан Республикасы Орталық комиссиясының жанындағы Ақпараттық-техникалық орталығы» РМК-ның қызметкерлері сайлаушының дауыс беру рәсімінен бастап электронды хаттаманы ашумен аяқтай отырып, «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын көрсетті.
Электронды дауыс беру жүйесі дауыс берудің құпиялық қағидатының сақталуына толық кепілдік беріледі, ал дауыс берудің рәсімі қағаз сайлау бюллетенімен дауыс беруге ұқсас.
«Сайлау» жүйесінің қауіпсіздігі телекоммуникациялық желілерінің пайдаланушылары қол жеткізе алмайтын бөлінген байланыс арнасы арқылы деректерді беруді қамтамасыз етеді.
Сонымен, ЕҚЫҰ/ДИАҚ Миссиясының сарапшыларына электронды дауыс беру ЕҚЫҰ алдындағы қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне және сайлау заңнамасына тұтастай алғанда, сәйкес келетіндігін көрсетті.
Сол күні ТМД-нің Атқарушы комитеті төрағасының - Атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Владимир Гаркун және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауда ТМД елдерінен бақылаушылар Миссиясы Штабының басшысы Евгений Слобода Көкшетау қаласында сайлауды ұйымдастырушылармен кездесті және Ақмола облысының сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
