| 27.07.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болды
2007 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болды.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалғын Қазақстан Республикасы төртінші шақырылатын Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерден Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған неғұрлым ортақ өтініштер мен шағымдар туралы ақпаратты қарады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 20 шілдедегі қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның ұсынысы қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Жұмыс тобының мүшелері Орталық сайлау комиссиясына осы қаулыға ұсынылған өзгерісті енгізу және саяси партияның толық атауын электрондық сайлау бюллетенінде жазуды көздеу туралы ұсыным жасау жөнінде шешім қабылдады.
Жұмыс тобының мүшелері талқылау барысында Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 20 шілдедегі шешімі заңнамаға қайшы келмейтінін және Орталық сайлау комиссиясының ресми жазбаша сауалына партиялардың өздері берген жауаптағы мәліметтердің негізінде қабылданғанын атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
