| 24.07.2007 |
|
2007 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясына келіп жатқан алдын ала деректерге сәйкес 2007 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 9128 кандидаттан 8744 адам тіркелді.
Олардың ішінде: облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына 1609 кандидат; аудандық мәслихаттардың депутаттығына 5344 кандидат; қалалық мәслихаттардың депутаттығына 1791 кандидат тіркелді.
Бір депутаттық мандатқа республика бойынша орташа бәсекелестік 2,6 кандидатты құрады.
Бұл ретте облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлауда бір мандатқа бәсекелестік орташа шамамен 2,9 кандидатты құрады; аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауда 2,5; қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлауда бір депутаттық мандатқа 2,9 үміткер болды.
Бүгінгі күннен бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады.
Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясы әзірленуге және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің саны 8896173 дананы, ал мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері – 16664704 дананы құрайды деп белгіледі.
Бұл санды Ортсайлауком 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлау комиссияларына сайлаушылар туралы ұсынылған мәліметтерге сәйкес және сайлау заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қамти отырып, белгіледі.
Шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушыларды аккредиттеу жалғасуда. Бүгін Ортсайлауком ТМД Миссиясынан тағы 24 байқаушыны, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан 10 байқаушыны және Малайзия мемлекетінен 4 байқаушыны аккредиттеді.
Қазіргі уақытта шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан барлығы 262 байқаушы аккредиттелген.
Ортсайлауком басшысы БАҚ өкілдерін Орталық сайлау комиссиясының Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп «Сенің таңдауың – сенің болашағың» атты республикалық акцияны іске асыратыны туралы хабардар етті. Бұл акцияның мақсаты – халықтың кең ортасында алдағы сайлау туралы ақпаратты тарату және азаматтарды сайлау учаскелеріне келуге шақыру болып табылады. Акция елдің барлық өңірлерін қамтиды.
Орталық сайлау комиссиясы бүкіл қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды осы акцияға қосылуға шақырды және сайлау науқанын тиімді ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен сайлаушылардың электораттық белсенділігінің деңгейін арттыру жөніндегі нақты ұсыныстарды іске асыруда ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
