| 24.04.2019 |
|
2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның отырысы өтті
2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Ұлы Дала Қырандары Республикалық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Сәдібек Түгелдің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.
Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: тақырып бойынша жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Емтихан тапсырылғаннан кейін лингвистикалық комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады. Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сүлеймен Ләззәт Жаңылысқызы қатысты.
Комиссия жұмысы ашық және жариялы түрде жүзеге асырылды, ал бұқаралық ақпарат құралдары емтиханның нәтижелерін қорытынды шыққаннан кейін бірден байқауға мүмкіндік алды. Отырыстың нәтижелерін лингвистикалық комиссия мүшесі философия ғылымдарының докторы, академик, профессор Ғарифолла Есім баяндап берді.
Жазбаша жұмыс «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – тарихы мен бүгіні» тақырыбында болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Үміткер кішігірім пунктуациялық қателер жіберді.
Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Дала балладалары» жинағынан үзінді оқып шықты. Мәтінді оқу кезінде үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетті.
Үшінші тапсырма бойынша Президентке үміткер «Бабалар сөзі – даналық көзі» тақырыбы бойынша өз ойын 15 минутта ауызша айтып берді. Комиссия мүшелері Сәдібек Түгелдің тілді меңгеру деңгейі және сөз сөйлеу мәдениеті жоғары екенін атап өтті.
Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

