| 27.07.2007 |
|
2007 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды. Бұл отырыста Орталық сайлау комиссиясының Ақпараттық бюллетеньдерінің үшінші және төртінші жарияланымында жариялануға жататын құқықтық актілердің тізбесі бекітілді.
Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылардың аккредитациясын жалғастырды.
27 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 409 халықаралық байқаушы аккредиттелді.
Өткізілген брифинг барысында комиссия Басшысы Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы жұмысына қатысты қазіргі уақытта сайлау науқанының үш бағытына назар аударып отырғанын атап өтті.
Біріншіден, сайлаушылардың тізімдеріне байланысты жұмыс. Сайлау заңнамасына сәйкес 2007 жылғы 2 тамыздан бастап учаскелік сайлау комиссиялары сайлау тізімдерін жалпы таныстыру үшін ұсынады. Сонымен, барлық сайлаушыларға тізімдермен танысуға, сайлаушылар туралы енгізілген деректердің дұрыстығын тексеруге және қажет болған жағдайда тізімге енгізбеуі, дұрыс енгізбеуі немесе тізімнен алып тастауы, сондай-ақ тізімдегі деректердің дұрыс болмауы туралы сайлау комиссиясына және сотқа шағымдану мүмкіндігі беріледі.
Сайлаушылардың тізімдерге қол жеткізуін барынша жеңілдету үшін Орталық сайлау комиссиясы оларды Интернет желісіндегі өзінің сайтында орналастыруды көздеп отыр.
Әрбір сайлаушы тиісті бетке кіре отырып және өзінің жеке куәлігіндегі он екі мәнді жеке идентификациялық нөмірін енгізе отырып, қай сайлау учаскесінде тіркелгені және тиісті сайлаушылар тізіміне оның деректері дұрыс енгізілгені туралы ақпарат ала алады.
Егер деректерде сәйкес келмеушілік немесе сайлаушылар тізімінде сайлаушы болмаса, бұл учаскелік сайлау комиссиясына баруға негізі болып табылады.
Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үстінде және жақын арада сайлаушылар осы сервисті пайдалануға мүмкіндік алады.
Екіншіден, Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушыларды сайлау заңнамасының негізгі ережелеріне оқытуды жалғастыруда. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуға ерекше назар аударылып отыр. Бірқатар өңірлерде, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында оқытушы семинар-кеңестер болды.
Үшіншіден, Орталық сайлау комиссиясы үгіт науқанының барысын қадағалауды жалғастырып отыр. Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған деректерге сәйкес елдің бірқатар өңірлерінде жасырын үгіт материалдарын тарату фактілері тіркелді, олар қажетті деректемелерді қамтымайды, бәсекелестік партиялардың үгіт өнімдерін бүлдіру фактілері, сондай-ақ үгіт материалдарын оларға арналмаған жерлерде әрі объектілер иегерлерінің рұқсатынсыз орналастыру фактілері тіркелді. Қазіргі уақытта материалдар Бас прокуратураға берілді.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы үгіт материалдарын баспа өнімнің келесі нөмірін шығару алдындағы мерзімді баспасөз басылымдарына сағат 15.00-ге дейін жолдау туралы сайлау процесіне қатысушылардың есіне салды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
