| 30.07.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясы банктермен және фискальдық органдармен бірлесіп партиялардың сайлау қорларындағы қаражаттардың жұмсалуына бақылауды жүзеге асыруда
Орталық комиссиясының деректері бойынша бес партия сайлау қорларын қалыптастырды және оларды әртүрлі сипаттағы үгіт іс-шараларын жүргізуге пайдаланып отыр.
Сайлау заңнамасына сәйкес партиялардың сайлау қорлары 146 млн. 280 мың теңгеден аспауға тиіс.
Қазіргі уақытта Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің сайлау қорын 86 млн. 468 мың 950 теңге;
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы – 92 млн. 297 мың 500 теңге;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы – 2 млн. теңге;
«Руханият» партиясы – 1 млн. 400 мың теңге сомасында қалыптастырды.
Орталық сайлау комиссиясы банктермен және фискальдық органдармен бірлесіп партиялардың сайлау қорларындағы қаражаттардың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 34-бабының 9-тармағына сәйкес сайлау нәтижелерін белгілегеннен кейін бес күннен кешіктірмей саяси партиялар өздерінің сайлау қорларын пайдаланғаны туралы есепті тиісті сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 34-бабының 1-8-тармақатарында белгіленген ережелерді, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгілеген сайлау қорларының қаражаттарын жұмсау тәртібін партиялық тізімді ұсынған саяси партияның бұзуы партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюына алып келеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
