| 06.08.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бойынша кейбір деректерді жария етті
Орталық сайлау комиссиясы өткізіп отырған барлық мониторинг республикалық 26 баспасөз, 8 электронды БАҚ-ты және 16 Интернет-сайттарды қамтиды. 18 шілде - 2 тамыз аралығында сайлау тақырыбына қатысты оларда 769 мақала, түсініктеме, ақпараттық материалдар жарияланды және 631сюжет эфирге шықты.
Мониторингтің нәтижелері көрсетіп отырғандай, саяси партиялардың БАҚ-тың әртүрлі түрлерімен жүргізіп отырған жұмысының қарқындылығында елеулі айырмашылық бар, ол партиялардың әртүрлі ресурстық мүмкіндіктеріне және бақталастық пен бәсекелестік күштің жоғары дәрежесіне негізделеді.
Барлық партиялар қазақстандық БАҚ-та көрініс тауып отыр. Саяси партиялардың жиі аталуындағы айырмашылық олардың тікелей жасаған ақпараттық себептерінің имидждік және үгіт іс-шараларының санына байланысты.
Республиканың БАҚ-тары саяси партиялар үшін жаңа «сұхбаттық алаңшалардың» пайда болуына оң баға берді. Бұл, бірінші кезекте, 31 шілдеде старт алған электронды үкіметтің веб-сайтында саяси партиялар басшыларының Интернет-форумдарына және Интернет-конференцияларына қатысты.
Қазақстан Республикасындағы сайлау науқанының жариялануы тұтастай алғанда, саяси партиялардың үгіт қызметінде айқын көрініс тауып отырған тақырыптық нысандағы анықтаушы - бейтарапты сипатты сақтап отырғанын атап өткен жөн.
Ақпараттық науқанда белсенді субъектілердің арасында «Нұр Отан» ХДП, ЖСДП және «Ақ жол» ҚДП бар. Осы үш көшбасшылардың басқа бәсекелестерден алшақтығы едәуір болып отыр. Сонымен қатар, Патриоттар, «Руханият», ҚКХП және «Ауыл» партияларының қызметі соншалықты қарқынды жария етілмегенімен, жеткілікті тұрақты жарияланады.
Пайыздық қатынаста сандық көрсеткіштер мынадай түрде көрініс тауып отыр:
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 20 % материал;
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы – 31,5 %;
Қазақстан Патриоттар партиясы – 6,9 % ;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы – 7 %;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 18,5%;
«Руханият» партиясы – 8,4 %;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 7,7 %.
«Нұр Отан», ЖСДП және «Ақ жол» парияларының көрсеткіштері саяси науқанға қатысушылардың көрсеткіштерінен елеулі асып тұр. Сонымен бірге, ресми үгіт науқанының алғашқы күнінен бастап «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының кейбір үстем жағдайы көрініс тапты, ол елде өткізіп отырған іс-шаралардың неғұрлым көп болуына, баспасөзбен белсенді жұмыс істеуіне (басқа партияларға қарағанда барынша кең БАҚ-ты қамтуы) және көптеген ақпараттық себептер санын жасауға негізделеді.
Сонымен қатар, басқа да партиялардың арасындағы белсенді ақпараттық бәсекелестікті атап өтпеуге болмайды.
Тұтастай алғанда, саяси париялардың жиілеп аталуы саяси субъектілердің белсенділігіне, үгіт науқанының серпінділігіне және олардың ресурстық қамтамасыз етілуіне байланысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
