| 16.04.2019 |
|
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарына
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 10/232 қаулысымен бекітілген 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 7-тармағына сәйкес эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын - 2019 жылғы 5 мамырда хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ оның интернет-ресурсында орналастыру үшін Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы тиіс.
Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының Президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
