| 02.08.2007 |
|
2007 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың сайлау қорларын қалыптастыру және 2007 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қаражаттарды жұмсау туралы деректерді жария етті
Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ-ның ұсынған ақпарат бойынша сайлауға қатысатын барлық жеті саяси партия сайлау қорларын қалыптастырды және оларды әртүрлі сипаттағы үгіт іс-шараларын өткізуге белсенді пайдалануда.
2007 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 126 млн. 831 мың теңге сомасына сайлау қорын қалыптастырды. Қордағы қаражаттан 93 млн. 739 мың теңге жұмсалды;
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы - 137 млн. 766 мың теңге. Қордағы қаражаттан 127 млн. 802 мың теңге жұмсалды.
Қазақстан Патриоттар партиясы – 499 мың 655 теңге. Қордағы қаражаттан 499 мың 651 теңге жұмсалды;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы -14 млн. 008 мың теңге. Қордағы қаражаттан 12 млн. 110 мың теңге жұмсалды;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 85 млн. 572 мың теңге. Қордағы қаражаттан 60 млн. 187 мың теңге жұмсалды;
«Руханият» партиясы – 3 млн. 830 мың теңге. Қордағы қаражаттан 2 млн. 656 мың теңге жұмсалды;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы -1 млн. 008 мың 500 теңге. Қордағы қаражаттан 9 мың 30 теңге жұмсалды.
Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың сайлау қорларындағы қаражаттың жұмсалуына бұдан әрі де бақылауды жүзеге асыратын және жұртшылықты хабардар ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
