| 30.07.2007 |
|
2007 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
2007 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда сайлаушылардың тізімдерін түзету және актуальдандыру процесіне сайлаушылардың аса белсенді қатысуына шақыру үшін сайлаушыларға Үндеу қабылданды.
«Біз, егер әрбір сайлаушы дауыс беретін күнге дейін мүдделілік білдіріп, сайлау учаскелеріне келіп, сайлаушылардың тізімінде өзі туралы деректерді тексерген жағдайда, сайлау комиссиялары олардың аса жоғары дәлдігін қамтамасыз ете алады деп есептейміз», - деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.
Бұдан басқа, Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауға және Қазақстан Республикасы маслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің үндеулерін қарау жөніндегі Жұмыс тобының ұсынымын ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясы өзінің 2007 жылғы 20 шілдедегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, 2007 жылғы 18 тамызда саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған электрондық сайлау бюллетеньдеріне енгізілетін саяси партиялар атауларының тізімі өзгертілді, енді қысқартылған сөздер емес, саяси партиялардың толық атауы көрсетілетін болады.
«Біз бұл мәселе бойынша партияларға түсіністікпен қарадық және бүгінде Жұмыс тобының ұсынымдарын іске асырып отырмыз, өйткені қысқарған сөздермен жазу кезінде, кейбір жағдайларда, сайлаушылардың өздері таңдаған партиясын басқалардан жеңіл ажыратуға мүмкіндік беретін басты сөздер жоғалды», - деп Орталық сайлау комиссиясының шешімін түсіндірді Қуандық Тұрғанқұлов.
Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясының отырысына Оңтүстік Қазақстан сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ тағы да 49 халықаралық байқаушылар аккредиттелген.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
