| 02.08.2007 |
|
2007 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комссиясының отырысы өтті
2007 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Бұл отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауында аумақтық сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелерін белгілеу туралы қаулы қабылданды.
Осы қаулыда Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды беруге қатысты учаскелік сайлау комиссияларынан бастап облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына дейін олардың барлық іс қимылдарының әрбір қадамын анықтап берді.
Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясының отырысында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың тағы 46 байқаушыларын тіркеу туралы қаулы қабылданды. Сонымен, қазіргі уақытқа тіркелген халықаралық байқаушылардың саны 504 адам болды.
Отырыстан кейін болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының Басшысы қатысушыларды және журналистерді үгіт науқанының барысы, Орталық сайлау комиссиясының түскен өтініштер мен шағымдары қарау жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.
Сайлау науқаны басталғаннан бері Орталық сайлау комиссиясына барлығы 123 өтініш түсті. Олардың көпшілігі сайлау алдындағы үгіт жүргізу ережесінің бұзушылығына, сайлау комиссияларының іс әрекеттеріндегі бұзушылықтарға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың іс қимылдарындағы бұзушылықтарға қатысты.
Орталық сайлау комиссиясы да сайлау заңнамасы бұзушылығының анықталуына мүдделі. Тұрақты жұмыс істейтін дөңгелек үстелдің екінші отырысының барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық және «Ақ жол» партиялардың өкілдері үгіт жұмыстарын жүргізуге және үгіт материалдарын орналастыруға кедергі келтіріп отырған фактілер туралы жария еткен ақпаратты назарға алып, Орталық сайлау комиссиясы осы партияларға аталған бұзушылықтар туралы қолдағы бар ақпаратты беру туралы хат жолдады.
Осы ақпараттың негізінде Орталық сайлау комиссиясы тиісті тексеру ұйымдастырады және онда көрсетілген фактілер расталған жағдайда бұл бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы саяси партиялар сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға берілген мүмкіндіктерді толығымен пайдаланбай отырғанын және олардың құрамдарына кеңесші дауыс құқығымен өздерінің өкілдерін жолдамағанын атап өтті. Тек Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Алматы қалалық, Қостанай, Шығыс Қазақстан, және Қызылорда облыстық сайлау комиссияларына кеңесші дауыс құқығымен төрт өкілін жіберді.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы алдағы сайлауды ұйымдастырумен және оның дайындық жұмыстарымен қатар Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушыларды құқықтық оқыту жөніндегі қызметті белсенді жүргізіп отырғанын атады.
Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің, орталық аппараты қызметкерлерінің қатысуымен оқытатын семинар-кеңестер маусым айынан бастап барлық өңірлерде өткізілуде.
Сайлау науқаны кезеңіндегі БАҚ-тардың қызметіне арналған төрт өңірлік тақырыптық семинар өткізілді. Облыстық, Астана және Алматы қалалары қалаларының сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларын, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірілген тұлғаларын және бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып, топтық семинар-кеңестер өткізіп отыр.
Бұл процесс тамыз айының бүкіл бірінші онкүндігінде жалғасады және Орталық сайлау комиссиясы осы жұмылдырылған күш-жігер өз нәтижесін береді және сайлау процесінің барлық қатысушылары дауыс беру күні сайлау заңнамасының қажетті нормаларын білетін болады деп сенеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
